Хабарландыру❗️❗️❗️

Хабарландыру❗️❗️❗️
5-11сынып оқушылары мен ата-аналары назарына❗️❗️❗️26 ақпан күні мектебімізде “Қайырымдылық жасап жарысайық!” тақырыбында жәрмеңке өтетінін хабарлаймыз. Жәрмеңкеге бір кісідей ат салысуға шақырамыз. Жәрмеңкеден жиналған қаражат Ақтау қаласындағы жағдайы жоқ отбасыларға азық түліктей қаражаттай көмектесуге жұмсалатын болады! Жақсылық жасап жарысайық! ❤️

❗️❗️Санитарлық талаптар міндетті түрде сақталуы тиіс❗️❗️
Қолдарыңызда перчатка, фартук, қыздар шаштары жинаулы, бас киімдеріңіз болуы тиіс❗️
Жәрмеңке аяқталғаннан кейін қоқыстарды жинап кетуі тиіс❗️
Тағамдар салатын одноразовый ыдыстары, пакет т.с.с керек заттарыңызды ұмытпаңыз❗️

Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. Ал мұқтаж жандарға қамқорлық жасау – әрбіріміздің азаматтық парызымыз.

This entry was posted in Жаңалықтар. Bookmark the permalink.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған