Төтенше жағдай

 

 

 

 

 

 

Бүгін 23 ақпан күні “N13гимназиясы” КММ-де жер сілкінісі кезіндегі эвакуациялау іс-кимылдары жөнінде сейсмикалык жаттығулар өткізілді. Оқу-жаттығу шарасын мектебіміздің “Жас құтқарушылар” отрядымен бірлесіп өткізді.
Оқу-жаттығу шараларына мектебіміздің 900-ге жуық қызметкерлері мен оқушылары қатысты. «Баршаңызға: назар аударыңыздар!» сигналы бойынша қатысушылар қауіпсіз жерге эвакуациялау жаттығуларын пысықтады. Жер сілкінісі кезінде сақталуы тиіс қарапайым 10 қадам:
1. Біріншіден, тыныштық сақтаңыз.
2. Лифт немесе сатыны қолданбаңыз.
3. Үй ішіндегі жиһаздан, терезеден алшақ тұрыңыз, тек аспашамның астына тұрмаңыз.
4. Топтасып тығылатын қауіпсіз жер тауып алыңыз да, басыңызды қолмен қорғап тығылыңыз.
5. Жер сілкінісі біткеннен кейін далаға шығыңыз.
6. Далаға шығарда ток, газ және су крандарын өшіріңіз.
7. Төтенше жағдайға арналған чемоданыңызды алыңыз (су, қалта шам, дәрі-дәрмек салынған қобдиша, құжаттар және т.б.).
8. Далада электр желісінен, ғимараттардан, ағаштардан алыс тұрыңыз.
9. Келесі жер сілкінісіне дайын болыңыз.
10. Мүмкіндігі шектеулі жандарға, қарт адамдар мен балаларға көмек көрсетіңіз.

Қауіпсіздік мәдениетін арттыру мақсатында Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті білім беру саласындағы «Мектеп EDUS» платформасына төтенше жағдайлар кезінде қауіпсіздік ережелерін ескертетін ақпараттық жаднамалары орналасытырылды.
Жадынамаларды көру үшін, келесі алгоритм бойынша табуға болады.
Бірінші кезекте, жүйеге кіру кнопкасын басу арқылы өзініздін логин пароліңізбен кірініз.
Екіншіден, мектеп деген бөлімге кіресіз.
Үшінші кезекте, жаңалықтар деген бөлімшесіне кіріп, төтенше жағдайлар кезіндегі ережелері туралы жаднамаларды көресіздер.
Платформада барлығы 36 жадынама жарияланды.
Көру үшін мына https://mektep.edu.kz/news/edu/?referals=111&language=rus#top сілтеме арқылы өтуге болады.
Құрметті ата-аналар мен оқушылар, әр түрлі төтенше жағдайларда қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұраймыз.
Құтқарушы қызметі – адал азамат міндеті

В целях повышения культуры безопасности Департаментом по чрезвычайным ситуациям Мангистауской области на платформе «Мектеп EDUS» в сфере образования размещены информационные памятки, предупреждающие о правилах безопасности при чрезвычайных ситуациях.
Для просмотра памяток можно найти по следующему алгоритму.
В первую очередь, вы входите в систему со своим логин-паролем, нажав кнопку входа в систему.
Во-вторых, заходите в раздел «Школа».
В третьей очереди зайдите в раздел «Новости» и увидите памятки о правилах поведения в чрезвычайных ситуациях.
На платформе всего опубликовано 36 памяток.
Для просмотра можете перейти по ссылке https://mektep.edu.kz/news/edu/?referals=111&language=kaz#top
Уважаемые родители и ученики, просим соблюдать правила безопасности в различных чрезвычайных ситуациях.
Құтқарушы қызметі – адал азамат міндеті