Сыбайлас жемқорлық

Білім беру ұйымдарында ақша жинауға қатаң тиым салынады❗️❗️❗️
✅Білім беру мекемелерінде түрлі мерекелерге орай, сыйлық ұсыну, ізеттілік жасау әрекеттері айтылуда. Осы орайда, ата-аналар мен ұстаздарға Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу қажеттілігі ескертіледі.
✅Ата-аналардан мереке күндері сыйлық талап ету немесе сыйлық алу- ЗАҢСЫЗДЫҚ!
✅Заң алдында ақшалай не заттай сыйлықты беріп жатқан да, оны алған адам да жауапты. Өйткені, білім беру саласындағы барлық маман үшін қажетті қаражат мемлекет бюджетінен қарастырылған.
✅Бүгінгі таңдағы білім саласының басты мақсаты – жең ұшынан жалғасқан жемқорлыққа жол бермей, бармақ басты, көз қысты әрекеттерден аулақ болып, саналы да адал ұрпақ тәрбиелеу ❗️❗️❗️

 

Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық ол бүгін немесе кеше туған нәрсе емес, ол заманның ағысымен бірге өсіп, тамырын тереңге салған індет. Ол жай құқық бұзушылық емес, мемлекетіміздің сенімділігі мен ұлтымыздың қауіпсіздігіне төнген қауіп және сыбайлас жемқорлықпен күресу әр азаматтың борышы болып табылады.
Осы орайда 2023 жылдың 1желтоқсан күні 8-сынып оқушыларымен «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында “Адалдық алаңы” үйлестірушісі Шамшадинова А. қатысуымен кездесу өтті.
Қатысушылар тақырып төңірегінде өз пікірлері мен көзқарастарын білдірді.

“Жемқорлыққа жол жоқ” сурет байқауы

Бүгін, 12.11.23ж. күні мектебімізде “Біз жемқорлыққа қарсымыз!” апталығы аясындаЖас ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау, адалдыққа, әділдікке тәрбиелеу мақсатында «Жемқорлыққа жол жоқ !» тақырыбында сурет байқауы өткізілді. Байқау барысында оқушылар жемқорлық елдің ұлттық мүдделеріне, экономикалық қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіретінін сурет арқылы түсіндіре білді. Ең үздік суреттерді салған оқушылар марапатталады. Байқауға қатысқан оқушылардың суреттері мектеп дәлізіне көрмеге қойылады. #жемқорлыққажолжоқ #жемқорлыққақарсымыз #жемқорлыққақарсы

«Балалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы!»

Мектебімізде ағымдағы жылдың 15.09-20.09 күндері аралығында «Балалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы!» тақырыбындағы республикалық сурет байқауының мектепішілік кезеңі өткізілді. Білім алушылары жемқорлық індет екенін, еліміздің ұлттық мүддесіне қауіп төндіретіні сурет арқылы көрсетті. Ең үздік деп танылған оқушылардың суреттері қалалық кезеңге жіберілді. Атап айтсақ, Қуанышова Аружан 10сынып, Әділ Айша 2сынып, Ерланқызы Анель 5сынып оқушылары қалалық кезеңге жолдама алды! Құттықтаймыз!

“ Біз жемқорлыққа қарсымыз!”

11.10-12.10 күндері мектебімізде “ Біз жемқорлыққа қарсымыз!” апталығы аясында 10 сынып оқушылары «Елімнің болашағы менің қолымда» тақырыбында эссе жазды. Шараға 52 оқушы қатысты. «Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында…» – деп жазған жастар өз ойларын сөз өрнектерін тиімді қолдана отырып жазып шықты. Әділқазы алқасы ең үздік деген эсселерді анықтады. #жемқорлыққажолжоқ #жемқорлыққақарсымыз #жемқорлыққақарсы

“Біз жемқорлыққа қарсымыз!”

2023 жылдың 21 қазан күні мектебімізде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 7-8сынып қыз балалары арасында “Біз жемқорлыққа қарсымыз!” ұранымен волейболдан жарыс өтті. Жеңіске жеткен командалар жарыс соңында арнайы дипломдармен, сыйлықтармен марапатталды.
Возможно, это изображение 21 человек, люди играют в волейбол, люди играют в футбол, люди играют в теннис, люди играют в футбол, люди играют в баскетбол и текст