Іс – шаралар

Бүгін 24 мамыр күні “Мен,мектеп,ұстаз”тақырыбында 9,11-сынып оқушылары эссе жазды. Оқушылар сынып сағаты барысында Оқу-ағарту минстрі Ғани Бисембаевтың оқу жылының аяқталуына орай құттықтау сөзін тыңдады. Мақсаты: Мектеп пен ұстаздың адам өмірінде алатын орын зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына дарыту болып табылады. Ұстаз бен шәкірт – егіз ұғым. Көз алдында жүрген ұстазына қарап, ұстаздықты түсінген оқушылар осынау көне де асыл мамандық жайлы ойларын хат-қаламмен қорытып, параққа түсірді.
Мектеп – білім тірегі, ұстаз – оның жүрегі.

10мамыр күні мектебімізде 12 мамыр “Аналар күні” мерекесіне орай “Сыйынар ем, ана деген тәңірге” атты аналар форумы өтті. Мақсаты:Аналар күнін мерекелеу, аналардың мәртебесін нығайтуға, ана болудың маңызыдылығын және қазіргі қазақстандық қоғамдағы аналардың рөлін арттыру.
Бүгінде ұрпақ өсіруімен қатар, ел еңсесін көтеруде өз үлестерін қосып келе жатқан аналар @gulai_tattiler брендінің негізін қалаушысы, жеке кәсіпкер Кесикова Гулайым
Эмирхановна және Маңғыстаулық Іскер ейелдер кеңесінің мүшесі, жеке кәсіпкер, дизайнер,
«Aliya Tuman» ательесінін @aliya_tuman_atelier басшысы Кенжетаева Алия Сериковна қатысты. Форумға қатысушы аналармен кеш қонақтары өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.

Бүгін 7-9мамыр мерекесі аясында мектебіміздің 5 сынып оқушылары Жасұлан ұйымына қабылданды. Ұйымға қабылдау үшін әр оқушы өзіне жүктеліп отырған міндеттерді өзін-өзі тәрбиелеуге, ұлттық құндылықтарды бағалай білуге, өз бетімен білімін толықтыруға, Тәуелсіз еліміздің рәміздерін құрметтеп, Отанымыздың нағыз патриот болу керек екенін сезінеді. «Ел болашағы білімді де білікті, салауатты өмір салтын ұстанған жастар» Осыған байланысты мектепішілік Республикалық бірыңғай «Жас ұлан», «Жас қыран» ұйымына қабылдау салтанатты рәсімі өткізілді. Оқушылар ұйымға кіре отырып, өз Отаны Қазақстан Республикасының патриоты болуға;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
Туған елін, жерін Отанын мақтан етуге;
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;
Білімге табандылықпен ұмтылуға;
Салауатты өмір салтын ұстануға;
Табиғатты аялауға ант етті.

29.04.24 күні мектебіміздің 10”Ә” сынып оқушысы Сүгірбай Рамазанның “Қажымұқан Мұңайтпасұлы” туралы комикс кітабының тұсаукесері өтті. Шараға Рамазанның ата-әжелері, ата-анасы мен мектеп ұстаздары, мектеп оқушылары қатысты. Комикс арқылы кітап оқуға қызығушылық туғызу керек деген ойды Рамазан ата-анасына айтқан. Расымен де, жастар кітап түріндегі және электронды нұсқадағы комикстерді ерекше ықыласпен қабылдады.Қазіргі жастардың ерекшелігі көп көлемді жазулы кітаптарды оқуға қызықпайды. Себебі бұл – заман ерекшелігі олардың зейіні тұрақсыздау. Тез жалығып кетеді. Сондықтан сурет, комикс арқылы қызықтыру өзекті -деді Рамазан.

22.04.2024 ж. күні гимназияда “Жарқыра, жалында жас маман” атты жас мамандар апталығының ашылуы өтті. Шара аясында ұжымдық құндылықты көтеру үшін интербелсенді жаттығулар орындалды және жас мамандар мұғалім мамандығының қыр-сырын қойылым ретінде креативті түрде көрсетті. Апталықтың ашылуы өте жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны және инновациялық идеяларға сәйкес болғаны жөнінде әріптестердің кері байланысы айтылды.

Бүгін “23 сәуір-Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау” күніне орай 5 “Б” сыныбында “Кітап-алтын қазына” тақырыбынба сынып сағаты өткізілді. Сыныпсағаты қызықты ойынмен басталды. Әрі қарай оқушылар кітаптың шығу тарихы жайлы бейнероликті тамашалады. Топтық тапсырмалар орындап, соңында оқушылар өздері соңғы рет оқыған кітаптарын сяныпқа таныстырды. Олардың арасында “Менің атым қожа”, “ Әке мен бала”, “Агата Кристи” деген секілді кітаптар болды. Қорытындылай келе, оқушылар кітаптың құндылығы жайлы түсініп, күніне 15 минут уақытын кітап оқуға арнауға келісті.

Бүгін, 20 сәуір күні мектебіміздің ұстаздары “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған сенбілікке шықты. Ұстаздар мектеп ауласын тазалап, гүл, ағаштар отырғызды. Олардың әрқайсысы қолдарына құрал-саймандарын алып, өздеріне бөлінген аумақты жиналған қоқыстардан арылтты. Ұстаздар қауымы бұл игі үрдісті өскелең ұрпақты еңбексүйгіштікке, патриоттық тәрбиеге баулудың бір белгісі ретінде қабылдады. #ТазаҚазақстан #Тазақала

Бүгін, 13 сәуір күні мектебімізде «Таза қала — өзіңнен басталады» атты акциясы аясында сенбілік өтті. Акцияның кезекті сенбілігінде мектебіміздің 10-сынып оқушылары мен ұстаздары атсалысып, мектеп ауласына тазалық жұмыстарын жүргізді.
Бұл сенбіліктің басты мақсатының бірі — табиғатты аялай отырып, қаламыздың тазалығы мен көркі үшін жанашырлық таныту болатын. Сонымен қатар, өскелең ұрпақтың бойындағы экологиялық сауаттылықтарын арттырып, оны келешек ұрпаққа табыстау көзделген еді.
Сондай-ақ мектебіміздің қамқоршылық кеңес мүшелері белгіленген аумақтарды қоқыстан тазартып, мектеп ауласын көгалдандыру жұмыстарына бір кісідей ат салысты. Мектеп ауласын көгалдандыру үшін мектебіміздің қамқоршылық кеңес мүшелерінің демеушілігімен 60-қа жуық көпжылдық гүлдер мен ағаштар отырғызылды. Қай кезде де болмасын ең бірінші өз ортаңа тазалықпен қарау-адамдықтың басты қасиеті екендігі белгілі. Алдағы уақытта да санитарлық тазалық пен мектеп ауласын көгалдандыру жұмыстары жалғасын табатын болады. #тазақала #тазақазақстан

✅ С Ү Й І Н Ш І!!!

✨ Биыл 2-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының «Зерде» ХІХ республикалық конкурсына облысымыздың командасы қатысқан болатын.
Атаулы сайысқа қатысқан маңғыстаулық 18 оқушының 17-сі жүлделі орындарға, 1 оқушы арнайы Грамотаға ие болып, оқушыларымыз түгел олжалы оралды. Осы жас жұлдыздарымыздың ішінде мектебіміздің 2 оқушысы да олжалы қайтты.
*2-орын*
«Этномәдениеттану» секциясы;
– Айтмухаммед Даниал – Ақтау қаласы, №13 гимназияның 3-сынып оқушысы, «Медицина, психология, экология» секциясы; ІІ орын
– Жаңбырбай Кәусар – Ақтау қаласы, №13 гимназияның 3-сынып оқушысы, «Медицина, психология, экология» секциясы.- ІІ орын Жетекшісі: Сауытбаева Айнагул

орын
– Аманжолқызы Асия – Ақтау қаласы, №13 гимназияның 3-сынып оқушысы, «Ағылшын тілі» секциясы;
– Ерланқызы Сафина – Ақтау қаласы, №13 гимназияның 3-сынып оқушысы, «Ағылшын тілі» секциясы; Жетекшісі: Сәтжанқызы Нұрай
Айта кетейік, жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін конкурстың мақсаты – ғылыми-зерттеу жұмыстарына қабілетті дарынды оқушылардың белсенділігін арттыру. Байқау аудандық, облыстық және республикалық кезеңдерден тұрады.

Барлық жеңімпаздарымызды және олардың жетекшілерін жеңістерімен құттықтаймыз!

N13 гимназиясы” КММ-де бүгін, 2 ақпан күні 9- сыныптар арасында “КӨҢІЛДІ ТАПҚЫРЛАР АЛАҢЫ “ өткізілді.
ДосболLIKE акциясы аясында оқушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлай отырып, тапқырлық, ұшқыр қиял арқылы әзіл әлемінде қалықтауға бейімдеу, бір-бірімен еркін араласуға, достық қарым-қатынастарын жетілдіру арқылы сахна мәдениетін меңгерту болды. Сайыс қорытындысы бойынша: Бас жүлде- 9А сыныбы
1-орын: 9 В сыныбы
2орын: 9 Г сыныбы иеленді.

 

ДосболLike акциясы “Достық қолыңды ұсын” ұранымен өз жалғасын табуда. Акция қарсаңында мектебіміздің 6”Г”сынып оқушылары мен ұстаздары өз белсенділіктерін көрсетіп, түрлі шараларға ат салысуда. Мақсаты: шығармашылық ұжымдық шығармашылық негізінде мектеп жағдайында жағымды қарым-қатынасты қалыптастыру жағдай жасау, достық, татулық, ынтымақтықты арттыру болып табылады.
Баршаңызды белсенді қатысуға шақырамыз!!!

Бүгін,1 ақпан күні мектебімізде “ Досболlike : достық қолын ұсын” акциясы жоспарына сәйкес 6 сынып оқушыларымен
“ Менің досым” тақырыбында эссе жазу байқауы өтті.
Мақсаты: оқушылар арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға баулу. #досболlike
#біртұтас_тәрбие

Бүгін,1 ақпан “Дүниежүзілік сайлау күніне” орай 10 сынып оқушылары “Мен және менің даусым” тақырыбында эссе жазды. Бүгінгі шараның мақсаты білім алушылар арасында Қазақстан Республикасының сайлау құқығын насихаттау,сайлаушылар арасында демократиялық құндылықтарға деген адалдықты қалыптастыру,сайлау үдерісіндегі жетістіктер туралы,саяси және құқықтық ойларын жеткізу.

 

“ДОСТЫҚ ЖЕҢІЛМЕЙТІН КҮШ» АТТЫ ТРЕНИНГ

31.01.24ж. күні Dosbolike акциясы жоспарына сәйкес мектебіміздің психологтары Аллаберді Ф.мен Джумабаева Д. 4 “б” сынып оқушыларымен “Достық жеңілмейтін күш” тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Тренинг мақсаты: оқушылардың өзара қарым-қатынасын жақсарту, достықтың қадірін түсіндіру. Оқушыларға достық туралы сұрақтар қойылып, достық туралы мақал-мәтелдер айтылды. Сонымен қатар, өзара қарым қатынасты нығайту мақсатында бірігіп сурет салу тапсырылды. Оқушылар тренингке қызығушылықпен қатысып отырды.

28.01.24ж. күні Dosbolike челленджі аясында мектебімізде 3 ”а” сынып ата-аналарымен “Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы” тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата – ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Жанұядағы ата – ана және бала арасындағы қарым – қатынасты нығайту. Ата – анаға деген бала махаббатын ояту. Мектеп, ұстаз, ата – ана бірлігін нығайту. Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық. Қайырымдылық, достық қарым – қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу. Өткізген: Абиева Жанар
Тәрбие – ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры. Ұлттық құндылықтармен сусындап өскен ұрпақ ұлағатты болмақ. Дәл осы өскелең ұрпағымыз ұлттың сапасын құрайды. Сондықтан да қадір-қасиет, ар-намыс, адалдық, патриотизм, жауапкершілік, әдептілік, мейірімділік, сүйіспеншілік, үлкенге ізет, кішіге құрмет сияқты қасиеттерге ие шығармашыл азаматты тәрбиелеу маңызды.
Осыған орай, бүгін мектебімізде
«Қазақ елі мәңгілік ел» атты тақырыбында Германиядағы Кенес әскери және Варшава келісім шарты әскери тобы Республикалық қоғамының Маңғыстау облысы филиалы ардагерлерімен кездесу кеші өтті. Балалар ардагер ағаларына сұрақтарын қойып, әдемі əңгіме өрбіді. Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету керек екенін түсінді.
Ардагерлеріміз ел тыныштығы, еліміздің бейбіт болашағы сіз секілді жастардың қолында деп, жастарға өздерінің ыстық лебізін білдірді.
Мектебіміздің 4-5сынып оқушылары үшін 21 желтоқсан күні «Жас Ұлан» , «Жас Қыран» ұйымына қабылдау салтанатты кеші өткізілді. Қабылданатын оқушылар «Жас Ұлан» “Жас қыран” ұйымының қатарына өтудің жауапкершілігі мол екенін сезіне білді. Оның қатарына қабылданған оқушы мектептің қоғамдық жұмысына белсене араласып және сабақтарын үздікке оқып, өз елінің мақтанышы болатын азамат болуына міндеттейтінін сезінді. «Жас Ұлан» ұйымына мектебіміздің ең үздік 40- астам оқушы қабылданды. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Гимнімен ашылды.Онда мектеп ұстаздары мен оқушылар қатысты. Ұйымға қабылданушы оқушылар өз Отанының патриоты болуға, «Жас Ұлан» ережесін бұлжытпай, сақтап отырып, өзінің достарынан соны талап ете отырып, Отанды сүюге салтанатты түрде ант берді.
Жас қабылданушыларға көгілдір галстуктарын тағып, кеуделеріне төс белгілері қадалды. Тәрбие ісінің орынбасары Гулназ Орынгаликызы «Жас Ұлан» ұйымына қабылданғандарды құттықтау тілегін айтты. Салтанатты жиынның жабылу рәсімі «Жас Ұланның» Әнұранымен аяқталды.
Мектебімізде 15.12.2023ж. күні «16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған «Менің Тәуелсіз Қазақстаным» тақырыбында 5-6 сыныптар арасында сурет байқауы өткізілді.
Құттықтаймыз!
Сүгірбай Рамазан Аятұлы
Тәуелсіздік күні қарсаңына қарай “ Жас тұлпар- 2023” облыстық жастар Премиясын 1 млн теңге иеленуде.
Балаларымыздың алар асуы көп болып, жалғасын таба беруіне шын жүректен тілектеспіз!

Заңғар таулар алыстаған сайын биіктей түседі. Қазақтың кемеңгер ұлы, кестелі тілмен өрнектеген өміршең шығармаларын әлем мойындаған талантты жазушы, белгілі қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев әлемі де өмір көші ілгерілеген сайын сағынта түсері, аңсаулы ойға жетелей түсері сөзсіз. Міне, осындай сағыныштан туған тағы бір тағылымды кеш мектебімізде өтті. Ел тарихында айрықша орны бар көрнекті мемлекет және қо­ғам қайраткері, сарабдал сая­сат­­кер, Қа­зақ­­станның халық жазушысы, Еңбек Ері Әбіш Кекілбаевтың өмі­­рі мен шығармашылығына ар­налған «Ғұлама тұлға, ғиб­ратты ғұмыр» атты әдеби-та­ным­дық кешті 6 желтқсан күні мектебіміздің 10 сынып оқушыларына ұйымдастырылды. Кештің мақ­саты барлық өмірін тәуелсіз мем­лекетіміздің қалыптасуы мен ру­­­хани дамуына арнаған  Әбіш Кекілбаевты еске алу, өнегелі өмірі мен өнерін жас ұрпаққа үлгі ету болып табылады.
Бүгін, 6 желтоқсан 5-сынып оқушыларына “Зорлық зомбылықтың алдын алу” тақырыбында түсінік жұмысы жүргізілді.
Зорлық -зомбылықтың түрлері:
Психологиялық (эмоциялық) кемсітушілік 
Физикалық зорлық-зомбылық 
Бопсалау 
Кибербуллинг 
Кемсітушілік туралы айтып түсіндірілді.
Мақсаты:
Зорлық -зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту. Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы. Зорлық -зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру. Оқушыларымызды жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстатып, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау.
Бүгін 05.12.23 ж мектебімізде “Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы” аясында 5-9 сынып ата-аналарына арналған
“Балаға үйрету: ақылыңды мейірімге орап беру. Ақыл айтпа, жол көрсет” тақырыбында оқыту сабағы ұйымдастырылды.
Сабақтың мақсаты: ата-аналардың балаларды жаңа жағдайға бейімдеу қабілеттерін дамыту.
Міндеттері:
1. Бейімделу кезеңінде балаларда физиологиялық және эмоционалдық өзгерістер болатынын түсіндіру.
2. Ата-аналарды баланың негізгі мектепте оқуға бейімделуінің физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерімен таныстыру.
3. Оқушыға психологиялық қолайлы жағдай жасау дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету.
Сабақ барысында түрлі психологиялық жаттығулар, ата-анамен жасөспірім арасында болатын түрлі жағдаяттарға арналған чек-парақтар беріліп, 8 сынып оқушылары “Баланың жетістікке жетуі, ата-ана қолдауымен іске асады” тақырыбында сахналық қойылым көрсетті.
14.11. күні мектебімізде “Қатыгездіксіз және зорлық зомбылықсыз балалық шақ” ақпарттық науқанның жоспарына сәйкес 8-сынып оқушыларының қатысуымен “Қылмыс және заң” тақырыбында дебат өтті.
Мақсаты: оқушыларға қылмыс туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, бойларындағы адами қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті тұлға болып өсулері керек екенін түсіндірді.
Возможно, это изображение 13 человек, люди учатся, помост и текст
Ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасы аясында 20 қараша күні «N13 гимназиясы» КММ –де 10-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен жиналыс жүргізілді. Ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламаларының мазмұны ұлттық құндылықтарға, балалар әл-ауқатының теориялық негіздеріне сүйене отыра, олардың жас ерекшеліктерін ескеруге бағытталған. Жиналыс «Сен жанбасаң лапылдап… Балаға өз бейімділігін табуға қалай көмектесуге болады?» тақырыбында өтті. Сабақтың мақсаты:
1. Ата-аналардың баланың өзін-өзі көрсетуіне дайындығын дамыту.
2. Мамандық таңдау кезінде балаға қолдау көрсетуі үшін ата-ананың мықты уәжін қалыптастыру.
3. Ата-аналардың өз кәсібін іздеу кезеңінде баланы қолдау әдістері мен шарттары туралы тұрақты түсініктерін қалыптастыруға ықпал ету.
4. Баланың жеке тұлғасының ерекшеліктерін, қызығушылықтарын, қабілеттерін анықтау дағдыларын дамыту.�Жиналыс барысында бейімділік — адамның белгілі бір әрекетпен айналысуға бет бұрысы оған көңілі аууы, оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі және бейімділікті баланың бойында қандай да бір қабілеттің барлығын білдіретін белгі деуге де болатынын түсіндіре келе ата-аналармен тренинг, сұрақ жауап, піркіралмасу ұйымдастырылды. Сабақты балалық кезде ерекше көзге түсетін бейімділіктер оның келешек қабілетінің көрсеткіші, мүмкіндігі болып табылады деп қорытындыладық. Баланың бойыңдағы қабілетті, дарынды сыртқа шығаруда біз, балаларымызға әрқашан кеңесші және жолсерік болайық!
17 қараша күні “Қатыгездіксіз зорлық зомбылықсыз балалық шақ” ақпараттық науқан жоспары негізінде мектебіміздің 6 сыныптары арасында «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» атты спорттық ойындар ұйымдастырылып, өткізілді. Оқушылар сайысқа белсене қатысып жүлделі орындарға ие болды!
1орын-6в сыныбы
2орын- 6а сыныбы
3орын- 6ғ сыныбы
Ынталандыру- 6ә сыныбы.
Возможно, это изображение 5 человек, люди танцуют, люди играют в волейбол, люди играют в баскетбол и люди занимаются боевыми искусствами
Возможно, это изображение 10 человек, люди играют в баскетбол и люди занимаются боевыми искусствами
Возможно, это изображение 9 человек, люди играют в баскетбол, люди играют в волейбол и люди играют в футбол
Возможно, это изображение 8 человек, люди играют в хоккей, люди играют в футбол, люди играют в футбол, люди играют в волейбол, легкая атлетика и люди играют в баскетбол
Возможно, это изображение 10 человек, люди играют в баскетбол и люди играют в волейбол
Возможно, это изображение 4 человека, люди играют в баскетбол и люди играют в волейбол
Возможно, это изображение 7 человек, люди занимаются боевыми искусствами и люди играют в баскетбол
14.11. күні мектебімізде “Қатыгездіксіз және зорлық зомбылықсыз балалық шақ” ақпарттық науқанның жоспарына сәйкес 8-сынып оқушыларының қатысуымен “Қылмыс және заң” тақырыбында дебат өтті.
Мақсаты: оқушыларға қылмыс туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, бойларындағы адами қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті тұлға болып өсулері керек екенін түсіндірді.
Возможно, это изображение 13 человек, люди учатся, помост и текст

 

2023 жылдың 12 қараша күні 7”Г” сынып оқушыларымен “Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ” ақпараттық науқанның іс-шаралар жоспарына сәйкес “Қатыгездік қайдан шығады?” тақырыбында пікіралмасу сағаты өтті. Мақсаты: Оқушыларды ойлауға, ой түйіндеуге, өз ойын ашық айтуға, көзқарасын қорғауға, дәлелдеуге үйрету. Жеке тұлғаның санасын ситуациялық сұрақтар, пікірталас көмегімен дамыту.Қылмыстық әрекеттерден аулақ болуға, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу. Өткізген: Балымбетова Жадыра

 

Бүгін мектебімізде Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін нығайту мақсатында Қазақстан халқы тілдері күніне орай мектебімізде мемлекеттік тілде жалпықазақстандық ашық диктант жазу шарасы ұйымдастырылды. Шараға мұғалімдер мен 10-11сынып оқушылары қатысты.

 

ЖАЛПЫҚАЗАҚСТАНДЫҚ АШЫҚ ДИКТАНТ

 Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін нығайту мақсатында 5 қыркүйек күні сағат 10:00 де Қазақстан халқы тілдері күніне орай еліміздің барлық өңірлерінде мемлекеттік тілде жалпықазақстандық ашық диктант жазу шарасы ұйымдастырылады.

 

Назарларыңызға!

Бүгін мектебімізде 8 сынып оқушыларының қатысуымен балалар мен жасөспірімдер арасында парасаттылық, адалдық және әділдік қағидаттарын енгізу, алдағы өркендеудің берік діңі ете оты­рып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сенім­мен бет алу мақсатында бірыңғай сағат ұйымдастырылды.Бірыңғай сағат өткізуде лектор ретінде мектеп психологы Джумабаева Д.Х. қатысты.

 

«Нашақорлықтың алдын-алу”

Бүгін мектебімізде28-і қыркүйек күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мен мектеп инспекторы Маратова Айданамен құқықбұзушылықтың алдын алу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Нашақорлықтың алдын-алу” тақырыбында 8-сынып оқушыларына жиналыс өткізді.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жубанова Г.О. мектептің iшкi тәртіп ережелері таныстырып, оқушылардың сабаққа қатысы, қарым-қатынас мәдениеті, мектеп мүлкін сақтау мен ұялы телефонды қолдану тәртібі туралы айтып өтті. Сондай-ақ мектеп жасындағы балалардың түнгі уақытта көшеде жүрмеуi, электронды темекі қолданбау, жасөспірімдер арасындағы төбелес, сабақтан тыс кездегі бос уақытын тиімді пайдалану жайындағы ұсыныстарымен кәмелет жасқа толмағандар жөніндегі мектеп инспекторы сөз сөйледі. Жолда жүру ережелері, бала өмірінің қауіпсіздігi, тәртіп бұзушылық туралы түсінік жұмыстарын жүргізді.

“Жемқорлыққа жол жоқ” сурет байқауы

Бүгін, 12.11.23ж. күні мектебімізде “Біз жемқорлыққа қарсымыз!” апталығы аясындаЖас ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау, адалдыққа, әділдікке тәрбиелеу мақсатында «Жемқорлыққа жол жоқ !» тақырыбында сурет байқауы өткізілді. Байқау барысында оқушылар жемқорлық елдің ұлттық мүдделеріне, экономикалық қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіретінін сурет арқылы түсіндіре білді. Ең үздік суреттерді салған оқушылар марапатталады. Байқауға қатысқан оқушылардың суреттері мектеп дәлізіне көрмеге қойылады. #жемқорлыққажолжоқ #жемқорлыққақарсымыз #жемқорлыққақарсы

 

Республика күні!

Республика күні – мемлекеттің символын айқындайтын маңызды мереке. Бала кезінен бастап балаларды Отанға деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерге, ұлттық және мемлекеттік мерекелерге құрметпен қарауға баулу маңызды. 21 қазан күні мектебімізде 1-11 сыныптары арасында «Менің елім-Қазақстан», «Елімнің ертеңі – еңселі», «Ата-баба жері – сенің жерің!» тақырыптық сынып сағаттары өткізілді. #Республикакүні #Республикакүніманғыстау

 

“Менің арманымдағы Қазақстан”

25 қазан Республика күні мерекесі жоспары негізінде 10-11 сыныптар арасында “Менің арманымдағы Қазақстан” атты эссе байқауы ұйымдастырылды. Оқушылар өз арманындағы Қазақстан туралы, болашақты елестетіп,
өз арман қиялдарын қағаз бетіне түсірді. Байқау соңында үздік жұмыстар бағаланып алғыс хаттармен марапатталды.
Мақсаты: Жастарды адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, ел рәміздерін қастерлеуге, халқының тегі мен тарихын білуге, ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздіктің тұғырын берік ұстауға, нағыз ұлтжанды, рухы мықты азаматтық қасиеттерді дәріптеуге тәрбиелеу.
#гимнказахстана #әнұранорындау #мояродинаказахстан #моястрана #маңғыстау #мангистау #RepublicDayMangystau #РеспубликакүніМангистау

“Патриотизм дауысы”

Бүгін, мектебімізде 25 Қазан Республика күніне орай 5 сыныптар арасында мектепішілік “Патриотизм дауысы” атты патриоттық хор сайысы ұйымдастырылды. Мақсаты:Жас ұрпақ бойынан еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.
Жүлделі орын алған сыныптар арнайы дипломдармен марапатталды.
#гимнказахстана #әнұранорындау #мояродинаказахстан #моястрана #маңғыстау #мангистау #RepublicDayMangystau #РеспубликакүніМангистау

«Алтын доп»

25 қазан Республика күніне орай, “Мектеп лига” жобасының жоспарына сәйкес мектепішілік 6 сынып қыз балалар арасында «Алтын доп» атты шағын футболдан жарыс ұйымдастырды. Аталған іс-шара мемлекеттік гимнмен басталды. Жеңімпаз оқушылар мектеп әкімшілігінің арнайы грамотасымен марапатталды. Сонымен бірге бұл жарыстың мақсаты жастардың бос уақытын тиімді пайлалану, салауатты өмір салтын қалыптастыру және өзара достықты нығайту болып табылады. #республикакүні #республикакүнімаңғыстау

 

“ Әкем-Патша, Анам-Ферз және мен-Сарбаз”

28.10.2023 ж. күні “N13 гимназиясы” КММ-де мектепішілік шахмат ойыны бойынша “ Әкем-Патша, Анам-Ферз және мен-Сарбаз” атты отбасылық турнир өтті. Іс шара отбасы мүшелері арасында шахматты насихаттау және дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткізілді. Қатысушы отбасылар екі топқа бөлінді 1-4 және 5-8 сыныптар. Турнир айналмалы жүйе бойынша өтті! Турнирге мектебіміздің жас шахматшылары қатысып, бақтарын сынады.
Баланы жылдам ойлауға, шешім қабылдап қадам жасауға баулиды. Шахмат сайысынан жеңімпаз атанған отбасы мүшелері арнайы дипломдармен марапатталды.
1-4 сыныптар арасында:
Қамбаровтар отбасы 4”Г”
Жұмабековтар отбасы 4”А”
Бижановтар отбасы 1”Б”
5-8 сыныптар арасында
Арман отбасы 8”Ә”
Оспан отбасы 5”Г”
Жәнібековтар отбасы 5”А”
Жанкүйерлер арасында:
Жәнібек Нұрахмет
Құттыбаев Медет арнайы дипломдарға ие болды.
Шахмат турнирі қысқы демалыс кезінде де ұйымдастырылатын болады!

«Аяулы күз, алтын күз»

Мектебімізде 27.10.2023 күні 10-11сынып оқушыларымен әртістік қабілетін, өзгешеліктерін дамыту, мәдениетті, жеке тұлғаны қалыптастыру мақсатында күз мерекесі атап өтілді. Күзгі балл «Аяулы күз, алтын күз» тақырыбында байқау түрінде өтті. Байқау 3 кезеңнен тұрды. Күз ханшайымы мен ханзадасы болуға үміткерлер, сәлемдесу, дефиле, өз өнерлерін көрсетіп сайысқа түсті.
Оқушылар өздерінің шапшаң ой жүйріктілігін, талғампаздығын, эстетикалық талғамдарын, әдемі болуға деген талпыныстарын байқаудың әрбір шартынан көрсете білді. Байқау қорытындысы бойынша 10”А”сыныбының ханзадасы мен ханшайым сайысына қатысқан оқушылары «Күз ханзадасы мен күз ханшайымы» мәртебесіне ие болды.
Мереке өте қызықты, мазмұнды болып, көрермендер мен қатысушылар керемет әсер алды. #өзінөзібасқару #парламентшколы
    Возможно, это изображение 7 человек и осветительное оборудование

Возможно, это изображение 9 человек и челка