Семинарлар

Бүгін 14 мамыр «N13 гимназиясы» КММ-де тәрбие ісі жөні орынбасарларына арналған «Тәрбие процесінің сапасы мен мазмұнын жүйелі жүзеге асыру» атты қалалық семинар ұйымдастырылды!
Семинар Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу-әдістемелік орталығы» КММ-нің жоспары негізінде ұйымдастырылып отыр. Семинардың басты мақсаты – біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарды іске асыру жоспары аясында іс-тәжірибиемен бөлісу.
Біртұтас тәрбие бағдарламасының мақсаты – Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игергенсаналы азаматты тәрбиелеу. Тәрбие – ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры. Ұлттық құндылықтармен сусындап өскен ұрпақ ұлағатты болмақ. Дәл осы өскелең ұрпағымыз ұлттың сапасын құрайды. Сондықтан да қадір-қасиет, ар-намыс, адалдық, патриотизм, жауапкершілік, үлкенге ізет, кішіге құрмет сияқты қасиеттерге ие шығармашыл азаматты тәрбиелеу маңызды.
Гимназия директоры Муканова Жаңыл Балмуканбетқызы алғы сөз алып, семинарға қатысушыларға сәттілік тіледі.
Семинар барысында баяндамашылар келесі тақырыптары бойынша өз іс-тәжірибелерімен бөлісті:
✅ «Ұлттық құндылық – ұлт қазынасы» ашық тәрбие сағаты, өткізген: Рзаханова Гульмира және Жубанова Нұржауған.
✅ Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысы, Өткізген: Утегенова Г. У., Атагараева У., Жубанова Н.
✅ «Саналы ұрпақ, жарқын болашақ» оқушылармен тренинг. Өткізген: Профориентолог Битай Индира.
✅ ДТІЖО, сынып жетекші, әлеуметтік педагог және педагог-психологтың үйлесімді жұмысы тақырыбында педагог-психолог Джумабаева Д. сөйледі.
Семинар соңында сұрақ-жауап, пікір алмасу кері байланыс болды.
Өскелең жас ұрпақты рухани-адамгершілік қасиетке баулу, тәрбиелеу–барлық кезеңде өзекті. Біздің келешегіміз–жасұрпақ, ал ұрпақ тәрбиесі адамзаттың мәңгілік тақырыбы.

26.04.2024 ж. күні Жетекші мектеп жоспары аясында
серіктес мектептердің жас мамандарының арасында “Іс әрекеттегі зерттеу” тақырыбында шағын семинар жүргізілді.

18.04.2024 күні гимназияда 4 әдістемелік кеңес өткізілді. Күн тәртібінде Қазақстан республикасының Оқу-ағарту министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы 83 бұйрығымен бекітілген Педагогтерді аттестаттаудан өткізудің қағидаттары мен шарттарына сәйкес портфолио талаптары мен сабақты бақылау критерийлерін талқылау және 8 “В” сыныбында жүргізілген Сабақты зерттеу үдерісінің нәтижесін ұжымға таныстыру болды. Ағымдағы оқу жылында аттестаттаудан өтетін мұғалімдер портфолио талаптарына сәйкес құжаттарын жинауға және сараптамалық кеңеске ұсынуға тапсырма алды. Сонымен қатар, сабақты бақылау критерийлеріне қатысты өз тәжірибелерінде дамыту қажет бөлімдер туралы пікір алмасу орын алды. Екінші тоқсанның қорытындысы бойынша төмен сапа көрсеткен 8”В” сыныбында Сабақты зерттеу үшін топ құрылып, “ Логикалық тапсырмалар арқылы білім алушылардың оқуға қызығушылығын арттыру” мақсаты бойынша жұмыс жасаған болатын. Зерттеу топ мүшелері Жұбанова Нұржауған, Жайлаубаев Бауыржан, Кожуов Есекен зерттелген мәселе бойынша нәтижелерді нақты дәлелмен ұжыммен бөлісті. Сабақты зерттеу үдерісі барысында қолданылған әдіс-тәсілдер жинағы да ұжымға ұсынылды.

 

Ақпан айының 26 күні мектебімізде Қамқоршылық кеңестің алғашқы отырысы өтті. Отырыс барынысында ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 01.03.2023 № 56 бұйрығымен, сондай-ақ Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің 05 ақпан 2024 ж №04- нқ бұйрығы бойынша қамқоршылық кеңес құрам мүшелерімен таныстырылды. Орта білім беру ұйымында, оның ішінде Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары және оны жүргізудің Ережелері ұсынылып, кеңестің төрағасы, хатшысы сайланды. Сонымен қатар кеңес мүшелері бірқатар жұмыстарды жоспарлап, қамқоршылық кеңестің жылдық жоспары талқыланды.

Мектебімізде 22 ақпан күні Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай «Ауған асуында от кешкендер» атты 9-11 сынып оқушыларымен ардагерлермен кездесу кеші өтті. Кездесуге Қаражанов Махмуд , Абдулхаликов Дарбек Болатович ардагерлеріміз қатысты. Кездесу кешінде оқушыларымыз ардагерлерге әсем әнмен күй шертіп, автомат жинаудан өз шеберліктерін көрсетті.
– Бұл кездесудің басты мақсаты – патриоттық тәрбие. Жастарға тәрбие мен тәртіп аса қажет. Бауыржан Момышұлы «Тәртіпке бағынған құл болмайды» дегендей, біздің де ұстанатынымыз осы қанатты сөз. Ал негізінен біз үшін бұл күн, яғни Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылған уақыт – бір жағынан мейрам болса, бір жағынан қаруластарымызды еске алу күні болып есептеледі. Бұл кездесудің маңызы да осында деп ойлаймын. Осы іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз.- деді ардагерлер.

Мектебімізде 9 ақпан күні “Әке-отбасының тірегі” тақырыбында әкелер форумы өтті. Мақсаты – отбасы құндылығын дәріптеп, қоғамда әкенің беделін көтеру. Ұлттық салт-дәстүріміздегі әке тәрбиесінің ерекше екенін ұғындыру болып табылады. Форумға Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Сүгірбай Аят, қоғам белсендісі Өтеген Өсер Өтегенұлы мен әкелер қатысты. Іс шараның ашылуы барысында мектеп дәлізінде оқушылардың шығармашылық жұмыстарынан көрме жасақталып, әкелермен әр түрлі шеберлік сағаттары мен қатар ұлттық ойындар ойнатылды.
Форум соңында сөз алған мектеп директоры Жаныл Балмұқанбетқызы тағылымы зор, тәлімі мол жиынға биыл 100ге жуық қатысқанын, шараның мақсаты отбасындағы әке рөлін көтеру екендігін атап өтті. «Отан отбасыдан басталады. Ұлттық тәрбие де отбасыдан бастау алады. Отбасы мықты болса елдің іргесі де мықты болады», – деді мектеп басшысы өзінің сөзінде.

 

Біздің еліміздегі дін саласындағы өзекті мәселелердің бірі деструктивті идеологиялардың таралуы болып табылады. Деструктивті діни ағымдар азаматтарымыздың құқықтарын бұзатын, оларға психологиялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, зиянын тигізетін ағымдар.Қазіргі кездегі әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп төндіріп отырған ғаламдық мәселе — діни экстремизм мен терроризм. Сондықтан жастардың бойында экстремизм мен терроризмге қарсы тұру имуннитетін дамыту, азаматтық қоғамға сай әлеуметтік мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру — басты міндеттердің бірі саналады.
Осы бағытта 2024 жылы 29 қаңтар күні 9 сынып оқкшыларының қатысуымен «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге Маңғыстау облыстық дін істері басқармасы, дін мәселелері бойынша ақпараттық-талдау орталығы, дінтанушы Газимов Нұрлан, исламтанушы Жолдасбайұлы Нұрбек қатысуымен өткізілді. Кездесудің мақсаты жасөспірімдерге теріс пиғылды діни ағымдардың алдын алу туралы терең түсінік беру. Сондай-ақ жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін түсіндіру. Кездесу барысында сала мамандары жастарға отанды сүю иманнан екенін және жастарға түрлі кереғар діни ағымдардан сақтану жолдары, тәлім-тәрбиелілік, біліктілік, ата-ананы құрметту сынды тақырыптар төңірегінде сөз қозғап жастар көкейіндегі сұрақтарына жауап алды.

Ағымдағы жылдың 18 қаңтар күні “Желідегі жас маман” айдарымен Астана қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Binom лицейі жас мамандарымен “N13 гимназиясы” КММ -сі жас мамандарының желілік қоғамдастық құрылды. Қоғамдыстықтың жобалық жоспары бекітіліп, мақсаты мен міндеттері айқындалды. Алғашқы онлайн кездесуде өзін- өзі реттеу дағдыларын дамытуға бағытталған жұмыстардың тиімділігі талқыланды. Жас мамандар өзара кері байланыс ұсынып, келесі қадамдарын жоспарлады.

✨АДАЛДЫҚ ПЕН АШЫҚТЫҚ✨

16.01.2024ж күні “N13 гимназиясы” КММ-де ұжымдық жиын өтті.

Жиынға мектебіміздің ұстаздары мен қызметкерлері қатысты.

Күн тәртібінде маңызды үш мәселе қаралды:
1. 2023 жылға мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен бөлінген қаржының игерілуі туралы есеп / Мектеп директоры Ж.Б.Муканова /
2. «N 13 гимназиясы» КММ-нің бастауыш кәсіподақ ұйымының жылдық есебі / Кәсіподақ төрайымы Бекова Р.С./
3. Педагогикалық әдеп

Мектеп директоры 2023 жылға мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражаттың өндіріс қажеттілігіне қарай игерілуі жөнінде нақты цифрлар мен дәлелдерді келтіре отырып есеп берді.

Кәсіподақ төрайымы жыл бойына әлеуметтік, гуманитарлық, қоғамдық бағытта атқарылған жұмыстар, қызметкерлердің өздері аударған жарнасының жүйелі жұмсалуы жөнінде баяндады.

Педагогикалық әдеп бойынша мектеп басшысы өз кезегінде мұғалім мәртебесі туралы сөз қозғай отырып, ұлағатты ұстаздық жолына қатысты әдеп және моральдық ереже қағидалары тұрғысында түсінік берді.

Жиын соңы қызметкерлердің жылы лебіз, орынды ұсыныстармен қорытындыланды.

2024 жылдың 12қаңтар күні мектебімізде Маңғыстау облыстық прокуратурасының Басқарма прокуроры Дюсенова Айнур Мадинаровна 9-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесу мақсаты: оқушылар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу.
Кездесу барысында оқушыларға құқықтық тәрбие, қоғамдық тәртіпті сақтау, топтық төбелестер, жасөспірімдер арасында синтетикалық өнімдерді қолдану, электронды темекі қолдану, құмар ойындары мен буллинг тақырыптарында сөз қозғалды. Кездесу соңында прокурор білім алушыларға өмір қауіпсіздігін, әлеуметтік желі де зиянды ақпараттарды сақ болуға шақырды. Білім алушылар келген қонаққа сұрақтарын қойып, ол сұрақтар бойынша нақты жауаптар берілді. Қатысқан адам саны: 122оқушы
Мектебімізде 28.11 күні 8-сынып оқушыларына «Әлеуметтік желінің зияны мен пайдасы» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мақсаты: әлеуметтік желінің пайдалы және зиянды жақтарын ажырата білуге, оны тиімді пайдалану жолдарын анықтау; сандық сауаттылығын арттыру; оқушылардың әлеуметтік желілерді сапалы пайдалануға бағыт беру.
Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық ол бүгін немесе кеше туған нәрсе емес, ол заманның ағысымен бірге өсіп, тамырын тереңге салған індет. Ол жай құқық бұзушылық емес, мемлекетіміздің сенімділігі мен ұлтымыздың қауіпсіздігіне төнген қауіп және сыбайлас жемқорлықпен күресу әр азаматтың борышы болып табылады.
Осы орайда 2023 жылдың 1желтоқсан күні 8-сынып оқушыларымен «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында “Адалдық алаңы” үйлестірушісі Шамшадинова А. қатысуымен кездесу өтті.
Қатысушылар тақырып төңірегінде өз пікірлері мен көзқарастарын білдірді.

Бүгін, 24.11.23ж. күні мектебімізде “Отбасы және бала тәрбиесі” тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
Күн тәртібінде: 1-мәселе: «Құқық бұзушылықтың алдын алу» бойынша Ақтау қалалық ЖПҚБ бастығы Н.А.Рахаев мырза сөз сөйледі. Жиналыс барысында ата-аналарға жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндіру және ескерту жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, ата ана құқығы мен бала құқығы, құқықтық сана мен құқықтық мәдениет жайында пікірлер айтылды.
Ата-аналарға бала тәрбиесінде отбасылық қадағалау жасаудың маңыздылығы түсіндіріліп, түнгі сағат 23:00-ден кейін оқушыларға көшеде, ойын-сауық орталықтарында жүруге тиым салынатындығы ескертілді. Құқық қорғау органдарының өкілдері қала мектептерінде орын алған құқық бұзушылық әрекеттер туралы айта отырып, ата-аналарға келеңсіз жағдайлардың алдын алу жұмыстарын насихаттады. Ата-аналар тарапынан келген қонақтарға сұрақтар қойылып, ол сұрақтар бойынша нақты жауаптар берілді.
«Жасөспірім жəне қылмыс» тақырыбы бүгінгі күні маңызды болып саналады. Өкінішке орай кейбір жасөспірімдер қылмыс пен құқық бұзушылықтың арты неге əкеліп соғатынына аса мəн бере қоймайды. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды шарттарының бірі. Осы орайда құқық қорғау органдарының тарапынан көптеген іс-шаралар атқарылып жатырғандығын айтып өтті.
2-мәселе бойынша: мектеп психологы Джумабаева Д.Х. “Зорлық зомбылықтың алдын алу” тақырыбы бойынша сөз сөйледі.
3-мәселе: “Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі” , “Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу” тақырыптары бойынша мектеп директоры сөз сөйлеп, ата-аналардың сұрақтарына жауап берді.
Возможно, это изображение 5 человек, люди учатся и текст Возможно, это изображение 16 человек и текст
Возможно, это изображение 5 человек, люди учатся и текст
Возможно, это изображение 1 человек, учится, помост и текст
Возможно, это изображение 1 человек и текст «POLISIA»
Возможно, это изображение 3 человека, помост и текст
16.10.2023ж. күні мектебімізде өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен 9-11сынып оқушыларымен “Жеңіске жету әдет” тақырыбында Қазақстандағы топ 3 спикердің бірі Қайрат Хасановпен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында түрлі тақырыптар талқыланды. Ең бастысы кездесу барысында балалар шешім қабылдаудың маңыздылығын түсінді. Өткізген: Битай Индира #өзінөзібасқару #парламентшколы
✅Мектебімізде «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» өз жұмысын бастады.
✅Мектеп қабырғасында ай сайын ата-аналармен әр түрлі тақырыптарда дөңгелек стөл өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілетін болады.
✅Бүгін, мектебімізде 08.11.23ж. күні 5-9 сынып ата-аналарымен «Ата-аналарға педагогикалық қолдау» бағдарламасы бойынша «Баланың бас ұстазы – ата-ана», «Позитивті тәрбие» тақырыптарында алғашқы дәріс сағаты өткізілді.
Мазмұны: 1. Жасөспірімдердің жас және әлеуметтік ерекшеліктері
2. Ата-ананың бала тәрбиелеудегі міндеті – қателіктерді, кемшіліктерді, ауытқуларды түзету емес, жасөспірімге оң әсер ету
3. Позитивті ата-ананың ерекшеліктері: жағымсыз көңіл-күйден жағымды эмоциялардың басым болуы; жасөспірімнің бойындағы ізгі қасиеттерге назар аудару, күшті және жағымды мінез-құлық қасиеттерін дамыту;
4. Позитивті тәрбиенің принциптері мен ережелері. Позитивті тәрбиенің ұлттық бастаулары;
5. Ата-ананың позитивті тәрбие нәтижесіне қанағаттануы және психологиялық саулық туралы сөз қозғалып, ата-аналар топқа бөлініп талқылады. #біртұтас_тәрбие

 

«Жақсы бала- ата-ана қуанышы»

Қазіргі уақытта жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу өзекті мәселе. Құқық бұзушылық — бұл қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуда құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру негізгі басымдықтардың бірі. N13 гимназиясында 20.09.23ж. күні оқушылар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың, буллинг және кибербуллингтің алдын алу, жасаюөспірімдер арасында белең алған электронды темекінің зияны туралы 9сынып оқушылары, ата- аналарымен бірлескен жиналыс болып өтті.
Мектеп психологы Д.Джумабаева буллинг, кибербуллинг туралы түсінік бере отырып, ата-анамен баланың қарым-қатынасы туралы ата — аналармен тренинг жұмыстарын жүргізді.
Гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Жубанова балалардың сапалы біліммен қатар саналы тәрбие алуы үшін ұстаздардан бөлек ата-ананың да орны мен рөлі айрықша екеніне тоқталды . Сондықтан, өскелең ұрпақтың тұлға болып қалыптасуына қоғам болып үлес қосу әрдайым бірінші кезекте тұруы қажет екенін айтып өтті.
16.10.2023 ж күні Жетекші мектеп жұмысы аясында
№ 12 мектебінің мұғалімдерімен «Lesson Study және Action Research» тақырыбында кездесу өтті.
“Тәрбиенің ең тамаша мектебі-отбасы”
02.11 күні мектебіміздің 4 сынып ата-аналарымен жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында ата-аналармен балалардың қауіпсіздігі туралы сөз қозғалды. “Тәрбиенің ең тамаша мектебі-отбасы” тақырыбында ұсынған отбасындағы тәрбие туралы жағдаяттарды шешуге ата-аналар белсене қатысты. Мектеп психологы Джумабаева Дина ата-аналарға психологиялық кеңес берді. Ата-аналардың балаларға жауапкершілікпен қарауы, баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететіні,
балалардың әлеуметтік желідегі қауіпсіздігі , қауіпті ойындар “Беги или умри” т.б. ,жасөспірімдерге қатысты зорлық-зомбылық алдын алу және оның жауапкершілігі туралы мәліметтер айтылып, ұсыныстар мен ақпараттар берілді.