Кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша ақпарат

«Индустриялық революция 4.0                                                                                               Еліміз қай бағытқа қарай бара жатыр?»                                                                         Дөңгелек үстел 

 03.10.2023 ж мектебімізде кәсіптік бағдар беруші Индира Битайдың ұйымдастыруымен «Индустриялық революция» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге 10,11 сынып оқуышлары қатысты. Басты спикерлер физика математика бағытын таңдап отырған Көшербай Ернұр және Нұржанова Ақжайна. Және де информатика математика бағытын таңдап отырған Сүтбаев Марғұлан болды. Дөңгелек үстелді ұйымдастырудағы басты мақсат еліміздің қай бағытқа бет алғандығын анықтау және болашақта қандай мамандықтар қажет болады және қандай мамандықтар жойылатындығын анықтау. Бірінші спикер Сүтбаев Марғұлан бірінші индустриялық революиция жайлы ақпарат берді. Екінші спикер Нұржанова Ақжайна екінші индустриялық революция жайлы ақпарат берді. Ұшінші спикер Көшербай Ернұр үшінші индустриялық революция жайлы айтты. Және Индира Битай қазіргі уақытпен сәйкес келіп отырған төртынші индустриялық революция жайлы айтты. Және соңында еліміздің автоматтандыру мен роботтандыру кезеңінде өмір сүріп жатқанын ескере отырып болашақта қандай мамандықтар жойылатындығын анықтады.

 

«Мамандық таңдау-жарқын болашақтың кепілі» атты ата-аналар жиналысы

12.09.2023 ж 11 сынып  сынып ата-аналарына арналған «Мамандық таңдау-жарқын болашақ кепілі» атты ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысты алдымен мектебіміздің диреторы Жаңыл Балмұханбетқызы атғы сөзімен басты. Әрі қарай  мектеп психологгы Ходжабаева Дина ата-аналарға психологиялық қолдау білдірді. Мектебіміздің директордың бейінді істер жөніндегі орынбасары Бақтыгүл Мустахиевна ҰБТ да болатын өзгерістерді хабарлады. Және кәсіптік бағдар беруші Индира Битай Грант түрлері, шекті баллдар жайлы ақпарат берді.

 

                             «Жеңіске жету-әдет»

  16.10.2023ж мектебімізде кәсіптік бағдар беруші Индира Битайдың ұйымдастыруымен  «Жеңіске жету-әдет» тақырыбында Қайрат Хасановпен кездесу өтті. Кездесуге 9,10,11 сынып оқушылары белсенді түрде қатысты. Кезедесу барысында ең алдымен шешім қабылдаудың маңыздылығы айтылды. Оқуышлардың арасында көп кездесетін мәселе. Оқушылар көп жайғдайда бір шешімге келе алмай жатады. Мысалы 11 сынып оқушылары арасында бейіндік пәнін жиі өзгеру проблемасы бар. Оқушылар шешім қабылдаудың маңыздылығын түсінді. Сонымен бірге шет елде оқу мәселесі талқыға салынды. Қандай мамандықтарды шет елде оқыған дұрыс, қандай мамандықтарды өз елімізде оқу керектігі жайлы түсіндірді. Сонымен бірге мамандық таңдаудың маңыздылы жайлы айтты.